«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Ақтау қаласында рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі таңда тазалық жұмыстары өндірістік аумақтарда жүргізілуде. Аталған аумақтағы қоқыстарды шығару жұмыстарына 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Жұмыс барысында аумақта жиналған қоқыс кезең-кезеңімен шығарылып, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Қала аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1302143?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау