Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Қазан 1, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Астанадағы жәрмеңкеде ұсынылады

Жарияланды:

01/10/2026 14:16

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

3-4 қазан күндері Астана қаласында Ақтөбе облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке Қарқаралы 1 тас жолындағы (Ипподром) алаңда ұйымдастырылады. Іс-шараға Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Астана тұрғындарына облыста өндірілген ет, сүт және сүт өнімдері, картоп пен көкөністер, жұмыртқа, балық, шұжық өнімдері, ұн және ұн өнімдері, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар, тары-талқан, консервіленген және басқа да өнімдер ұсынылады.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіледі. Оның ішінде: ет өнімдері – 75 тонна; картоп және көкөністер – 44,4 тонна; сүт өнімдері – 11,7 тонна; ұн және ұн өнімдері – 11 тонна; шұжық өнімдері – 7,1 тонна; алкогольсіз сусындар – 5 тонна; балық – 3,5 тонна; кондитерлік өнімдер – 2,4 тонна; консервіленген өнімдер – 2,3 тонна; тары-талқан – 1,4 тонна; тауық жұмыртқасы – 24 мың дана; басқа да өнімдер – 25,5 тонна.

Өнімдер Астана қаласындағы нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңкеде Ақтөбе облысының жетекші қайта өңдеу кәсіпорындары мен шаруашылықтарының өнімдері ұсынылады. Олардың қатарында «Айс+», «Агрофирма Тау», «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты», «Рамазан», «СПК «Айбек», «Степное», «Рокос», «Изет Грин Хаус», «Гринхаус Казахстан», «Глобал Мастер Групп» және басқа да кәсіпорындар бар.

Сонымен қатар «Шыңғыс», «Абылай», «Шекшек Ата» шаруашылықтары мен өзге де өндірушілердің қымыз, шұбат және ешкі сүті сияқты ұлттық өнімдері, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңкеге жеткізілетін ет өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы мамандары тарапынан мал сою процесіне ветеринариялық бақылау жүргізіліп, өнімдердің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі тексерілуде және қажетті ветеринариялық құжаттар рәсімделуде.

Жәрмеңкеге арналған ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген автокеруен 30 қыркүйекте Ақтөбе облысынан Астана қаласына жолға шығады.

Ақтөбе облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарын отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға шақырады.

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-e-kotibarov/press/news/details/1302139?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Жер – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық ресурстарының бірі. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі ашық көрсету азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.
Next: ҚАЗАҚСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕК КЕПІЛДІКТЕРІ НАҚТЫЛАНДЫ→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version