Арнаулы әлеуметтік қызметтер

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар мен отбасыларға туындаған мәселелерді еңсеруге және қалыпты тіршілік әрекетін қалпына келтіруге жағдай жасауға бағытталған қызметтер кешені.

АӘҚ көрсетудің негізгі нысандары

  • Стационарлық қызметтер – медициналық-әлеуметтік мекемелерде тәулік бойы тұруды, күтім көрсетуді, тамақтануды және медициналық сүйемелдеуді қамтиды.
  • Жартылай стационарлық қызметтер – оңалту орталықтары мен күндізгі болу бөлімшелерінде күндіз немесе белгілі бір уақыт аралығында көрсетіледі.
  • Үйде қызмет көрсету – әлеуметтік қызметкерлер мен мамандардың қызмет алушының үйіне барып, күтім жасауға, бейімделуге және қажетті дағдыларды дамытуға көмек көрсетуі.
  • Уақытша болу қызметтері – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға түнгі уақытта немесе уақытша баспанада болуға мүмкіндік береді.

АӘҚ кімдерге көрсетіледі?

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді:

  • мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған және психикалық бұзылыстары бар адамдар;
  • 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
  • өзін-өзі күте алмайтын егде жастағы адамдар;
  • төтенше жағдайлар, тұрмыстық немесе әлеуметтік мәселелер салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасылар ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1302160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version