Астанада ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша үш күндік семинар өтуде

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астанада ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша үш күндік семинар өтуде

2026 жылғы 29 қыркүйек – 1 қазан аралығында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылуда.

Іс-шараға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, оның ішінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ АҚШ сарапшылары қатысуда.

Семинар барысында қатысушылар:

– төтенше жағдайларға ден қоюдың негізгі кезеңдерін;

– мемлекеттік органдардың функциялары мен жауапкершілігін;

– төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл тетіктерін;

– күрделі жағдайларда шешім қабылдау тәсілдерін талқылауда.

Іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы тәжірибе алмасуға, мамандардың кәсіби құзыретін арттыруға және ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1302250?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version