Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезектен тыс L сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаевтың қатысуымен өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аумақтық органдардың, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, «Айыртау Коммун-Сервис» ЖШС директоры қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Айыртау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы № 4-6-10 «Айыртау ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңесші органның қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 17 қарашадағы № 4-40-6 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамы және оларға куәліктер беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Айыртау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 шілдедегі № 4-8-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы Айыртау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 12 тамыздағы № 8-49-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы Заң және тәртіп Конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі №3-36-12 «аудан әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 3-27-6 «аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 8-11-6 «Айыртау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 7-24-1 «Айыртау ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 8-36-1 «Айыртау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы №8-21-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-8 «Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-10 «Айыртау ауданының Гусаковка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-11 «Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-12 «Айыртау ауданының Имантау ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-13 «Айыртау ауданының Қазанка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-14 «Айыртау ауданының Қамсақты ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-15 «Айыртау ауданының Қаратал ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-16 «Айыртау ауданының Константинка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-17 «Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-18 «Айыртау ауданының Нижнебурлук ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-19 «Айыртау ауданының Сырымбет ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/airtau-maslihat/press/news/details/1301813?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау