30 қыркүйек 2026 жылы Алматы қаласының балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының «Саялы» филиалында Госпитальдық фармация бөлімі салтанатты түрде ашылды.
Жаңа бөлімшенің басты мақсаты — кішкентай пациенттерге жүргізілетін дәрілік терапияның сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру.
Бөлімшенің негізгі бағыттары:
* дәрілік заттарды ұтымды пайдалану;
* фармакотерапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау;
* жағымсыз дәрілік реакциялардың алдын алу;
* стационардағы дәрілік қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізу.
Аурухана директоры Е. Сералин жаңа бөлімшенің ашылуын медициналық көмекті жетілдіру мен пациенттер қауіпсіздігін арттыру жолындағы маңызды қадам ретінде атап өтті.
Жаңа бөлімшені клиникалық фармаколог Мұхитова Динара Төрегелдіқызы басқарады.
Госпитальдық фармация бөлімінің ашылуы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған клиникалық фармакология бойынша медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылды.
Әрбір тағайындау. Әрбір доза. Әрбір шешім — баланың қауіпсіздігі үшін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1302217?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау