Балқаш көліне 180 мың сазан шабағы жіберілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Балқаш көлін жыл сайынғы балықтандыру жұмыстары басталды. Су айдынына алғашқы партия ретінде 180 мың біржылдық сазан шабағы жіберілді. Балық шабақтарын қалаға Қарағанды балық өсіру тәлімбағының мамандары жеткізді.

Балықтандыру жұмыстары мемлекеттік тапсырыс аясында жүргізілуде. Шабақтарды суға жіберу кезінде мамандар олардың жаңа ортаға оңай бейімделуі үшін су мен ауа температурасының қажетті деңгейде болуын қамтамасыз етті.

– Балықтандыру жұмыстары көктемде немесе күзде жүргізіледі. Ауа райы салқындаған кезде бір жасар шабақтардың жаңа мекен ету ортасына бейімделуі жеңілірек болады, – дейді Балқаш балық инспекциясының басшысы Денис Әбібеков.

Алдағы уақытта сазан шабақтары тиелген тағы бес рейс келеді деп күтілуде. Балық шабақтары Қарағанды балық өсіру питомнигінен ғана емес, Тараз қаласындағы «Ақрам» шаруа қожалығынан да жеткізіледі.

Биыл Балқаш көліне барлығы бір миллионнан астам біржылдық сащан шабағын жіберу жоспарланып отыр.

Балықтандыру жұмыстары көлдегі балық қорын толықтырып, Балқаштың табиғи биоалуантүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1301821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version