Еңбек күні — еңбекті, еңбек адамын және адал кәсіпті құрметтеуге арналған мереке.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Еңбек күні — еңбекті, еңбек адамын және адал кәсіпті құрметтеуге арналған мереке. Қазақстанда бұл күн қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Бұл мерекенің мақсаты — еңбектің қоғам дамуындағы маңызын айқындау, түрлі мамандық иелерінің еңбегін бағалау және жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Еңбек күніне орай өз қызметінде жоғары жауапкершілік танытып, жұмысына адалдықпен қарап, ұжымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген Департамент қызметкерлері Мухатаева Ж.Ж мен Досмаханов Н.Қ Алғыс хаттармен марапатталды.

Марапат — қажырлы еңбекке көрсетілген құрмет пен еңбектің еленуінің белгісі.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1301760?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version