Есту қабілеті бұзылған азаматтарға ұсынылатын сурдотехникалық құралдар

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін мен мәлімет сағатында есту қабілеті бұзылған азаматтарға ұсынылатын сурдотехникалық құралдар туралы айтып өткім келеді.
Сурдотехникалық құралдар – есту қабілеті төмен немесе есту қабілетінен айырылған адамдардың дыбысты қабылдауына, қарым-қатынас жасауына және күнделікті өмірге белсенді араласуына көмектесетін техникалық оңалту құралдары.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында азаматтың есту қабілетінің төмендеу дәрежесі, функционалдық мүмкіндіктері және күнделікті өмірдегі шектеулері бағаланады. Бағалау нәтижесіне сәйкес медициналық көрсетілімдер мен оңалту қажеттілігі анықталса, адамның жеке оңалту бағдарламасына тиісті техникалық оңалту құралдары енгізілуі мүмкін.
Балаларда екі құлақта да есту қабілетінің 3 немесе 4 дәрежелі тұрақты төмендеуі кезінде есту аппараты беріледі. Ал 4 дәрежелі екі жақты кереңдік кезінде есту аппаратын қолдану тиімсіз болған жағдайда арнайы сағат, телефон, ноутбук, көп функциялы сигналдық жүйе беріледі. Егер 18 жасқа толса ым-ишара тілі қызметі, санаторлы курорттық ем беріледі. Мүгедектігі бар бала санаты 7 жасқа дейін, 3 топтағы мүгедек бала санаты 18 жасқа дейін беріледі.
Ал есту қабілеті өте ауыр дәрежеде төмендеген немесе кереңдік кезінде, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, кохлеарлық имплантация жүргізілуі мүмкін. Кохлеарлық импланты бар азаматтарға оның құрамына сәйкес сөйлеу процессоры да қарастырылады.
Ересектерге де екі құлақта да есту қабілетінің 3 немесе 4 дәрежелі тұрақты төмендеуі кезінде есту аппараты, санаторлы курорттық ем беріледі. 3 топ мүгедектігі қайта куәландыру мерзімінсіз тағайындалады.
Маңыздысы – техникалық оңалту құралы әр адамның есту қабілетінің бұзылу ерекшелігіне және жеке қажеттілігіне қарай анықталады.
Сондықтан есту қабілетінде тұрақты бұзылысы бар азаматтарға уақытылы медициналық тексеруден өтіп, қажетті мамандардың кеңесін алу маңызды.
Бұл құралдардың мақсаты – адамның есту мүмкіндігі барынша жақсарту ғана емес, оның әлеуметтік және тұрмыстық ортаға бейімделуіне, адамдармен қарым-қатынас жасауына және өз мүмкіндіктерін толық пайдалануына жағдай жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1301765?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version