Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның прокурорын тағайындау туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Алмас Мағсұтұлы Жалмағамбетов Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның прокуроры болып тағайындалды.

Алмас Мақсұтұлы Жалмағамбетов еңбек жолын 2014 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Кейінгі жылдары Петропавл қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының облыс прокурорының көмекшісі, прокуроры болып қызмет атқарған.

2023 жылғы қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы.

Құқық қорғау қызметіндегі өтілі 17 жылдан астам, прокуратура органдарындағы өтілі 12 жыл.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Мінсіз қызметі үшін» II және III дәрежелі ведомстволық медальдармен және «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1301827?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version