Отшашу атып, дрифт жасаған: ер адам бірден 3 баппен жауапқа тартылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Отшашу атып, дрифт жасаған: ер адам бірден 3 баппен жауапқа тартылды

Жамбыл облысында бейнебақылау камералары арқылы түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзған азамат анықталды.

Ер адам орталық көшелердің бірінде көлік құралымен дрифт жасап, қоғамдық орында отшашу атқан.

Осы әрекеттерімен азаматтардың тыныштығын бұзып, жол құрылыстарына зақым келтіру қаупі туындаған.

Полиция қызметкерлерімен тез арада 22 жастағы Диярбек Қонарбаев анықталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабының 1-бөлігі, 230-бабының 2-бөлігі және 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ, құқық бұзушы сот қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, түнгі тыныштықты бұзбауға және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1301660?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version