Құрметті ардагерлер! Қадірменді қариялар!
Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – өмір жолы өнегеге, еңбегі ел тарихына айналған аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптейтін ерекше мереке. Үлкендердің ақылы мен өмірлік тәжірибесі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына.
Бүгінде Целиноград ауданының дамуына өз еңбегімен үлес қосқан аға буын өкілдерінің еңбегі ерекше құрметке лайық. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, елге деген адал қызметтеріңіз бен өмірлік ұстанымдарыңыз жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып келеді.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әр шаңырақта сыйластық пен жылулық орнап, балаларыңыз бен немерелеріңіздің қуанышын көріп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!
Аға буынға деген құрметіміз әрдайым биік болсын!
Құрметпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1302439?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау