Қарағандылық спортшы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Кристина Овчинникова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді. Қарағандылық спортшы әйелдер арасындағы биіктікке секіру сайысында 1 метр 87 сантиметр нәтижемен екінші орынға ие болды.

Финалдық бәсекеде жүлдегерлер қатарын мына спортшылар толықтырды: Барнохон Сайфуллаева (Өзбекстан) – 1,90 м; Кристина Овчинникова (Қазақстан) – 1,87 м; Пуджа (Үндістан) – 1,84 м.

Кристина Овчинникова халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғап жүр. Оның биіктікке секірудегі жеке рекорды – 1,96 метр. 2021 жылы спортшы Олимпиада ойындарына қатысуға қажетті біліктілік нормативін орындап, Токиода өткен Олимпиадаға жолдама алған.

Қарағандылық спортшының қоржынында халықаралық және құрлықтық жарыстардың медальдары бар. Ол ұлттық чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері атанып, Азия чемпионаттарында және басқа да ірі халықаралық додаларда Қазақстан атынан өнер көрсетті.

Енді Кристина Овчинникова­ның спорттық жолындағы елеулі жетістіктер қатарына Азия ойындарының күміс медалі де қосылды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1301638?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version