Түркістан облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мектеп басшылары мен ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды қараусыз қалдырмау және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар жеткізілді.
Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, балаларды электр құралдары мен газ жабдықтарынан алшақ ұстау, терезеден құлау, судағы қауіпсіздік және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне ерекше тоқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1301920?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау