ҚАЗАҚСТАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНЕ САЙ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕСІН БЕЙІМДЕП ЖАТЫР
Жасанды интеллект мамандықтардың мазмұнына, жұмыс процестеріне және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптарына өзгеріс енгізіп жатыр. Қазақстанда бұл өзгерістер кадр даярлау және мемлекеттік жұмыспен қамту жүйесін дамыту кезінде ескерілуде. Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын меңгерген мамандарға сұраныстың артып келе жатқанын атап өткен болатын. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нарығының жаңа талаптарына сай жұмыспен қамту жүйесін бейімдеп жатыр. Бұл ретте цифрлық дағдыларды дамытуға, қайта даярлауға және азаматтарға лайықты жұмысты дәлірек таңдауға басымдық берілуде. Мамандықтар қалай өзгеріп жатыр? Жасанды интеллект ең алдымен мәтінді өңдеу және теру, деректерді енгізу, мәтінді тексеру сияқты қайталанатын жұмыстарды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте көптеген мамандықтар бойынша жұмыс орындарының жойылуы емес, еңбек мазмұны мен қажетті дағдылардың өзгеруі туралы сөз болып отыр. Қазірдің өзінде жасанды интеллект бухгалтерлерге, инженерлерге, дәрігерлерге, мұғалімдерге, сату саласының мамандарына және басқа да мамандарға жұмыс құралы ретінде қолданылып келеді. Сонымен қатар жаңа бағыттар пайда болып, қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар да өзгеруде. Министрліктің бағалауынша, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн жаңа қызметкер қажет болады. Сондықтан мамандарды даярлау кезінде өзгеріп жатқан еңбек нарығында сұранысқа ие болатын дағдыларды ескеру маңызды. Цифрлық дағдылар – кадр даярлаудың бір бөлігі 2026 жылдың соңына дейін кәсіби стандарттармен 600-ден астам жұмысшы мамандығын қамту жоспарланып отыр. Бұл стандарттарға цифрлық құзыреттерге қатысты талаптар енгізіледі. Оның ішінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану, деректермен және BI-талдаумен жұмыс істеу, киберқауіпсіздік негіздері бар. Бұл стандарттар колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ қайта даярлау бағдарламаларына негіз болады. Осылайша мамандарды даярлау кезінде жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы өзекті талаптарын ескеруге мүмкіндік жасалады. Жасанды интеллект жұмыс іздеуге көмектеседі Цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарының бірі – жасанды интеллект негізінде Цифрлық жұмыспен қамту қызметін құру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1301681?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау