Қазақстанда 1 қазанда 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бұл күн мереке күндерінің тізбесіне енгізілді.
Құрметті біздің ардагерлері, Сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймыз! Аға ұрпақ адамдары – отансүйгіштіктің, адалдықтың, үлкен шыдамдылық пен жарқын болашаққа сенімділіктің айқын үлгісін көрсететін еліміздің алтын қоры, даналық пен дәстүрді сақтаушылар екені анық. Осы керемет және жылы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен бақ-береке тілейміз! Сіздердің әр күндеріңіз жақындарыңыз бен айналыңыздағы жандардың мейірімділігі мен сүйіспеншілігіне, қамқорлығына толы бола берсін! Лайым егде жас еңсені түсірмей, ұзақ та баянды ғұмырға жетелесін !
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/press/news/details/1302420?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау