ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде қызметкерлер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қызметтік әдеп қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік құралын басқару кезінде жауапкершілікті арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндірілді. Ойын мекемелеріне барудан тартыну және құмар ойындарға қатысуға байланысты құқықтық талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді.
Кездесудің мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту және құқықбұзушылықтардың алдын алу. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1301844?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version