ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ AУМAҚТЫҚ СAЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІНЕ КУӘЛІКТЕРДІ ТАБЫСТАДЫ.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 қыркүйекте Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Габдулов Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып сайланған Қайбошев Айдын Асылбекұлына және Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып сайланған Джунусова Марина Николаевнаға әкімнің қызметтік куәліктерін табыстады.

Тікелей сайлау нәтижесінде Кудряшов ауылдық округінің әкім болып сайланған Қайбошев Айдын Асылбекұлы және Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып сайланған Джунусова Марина Николаевна 2026 жылдың 30 қыркүйекінен бастап өз міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.

Қайбошев Айдын Асылбекұлы 1992 жылы 8 ақпанда Кудряшов ауылында дүниеге келген.  Сайлауға дейін 2025 жылдан бастап «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман есепшісі қызметін атқарған.

Джунусова Марина Николаевна 1966 жылы 4 наурызда Құрманғазы ауылында дүниеге келген. Сайлауға дейін 2022 жылдан бастап «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі қызметін атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/press/news/details/1301736?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version