Құрметті педагогтер!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Құрметті педагогтер!

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Байқау шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау және қолдау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, сондай-ақ қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Байқауға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілінде оқымайтын топтарға сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, авторлық әдістемелік әзірлемелері бар оқытушылары шақырылады.

Байқау аясында қатысушылар оқыту сапасын арттыруға, білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға және олардың оқу мотивациясын арттыруға бағытталған қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесін ұсынуы қажет.

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 14 қазан
Өткізу форматы: онлайн форматта
Байқау материалдарын қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей
Жауапты: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік

орталық» КММ әдіскері Хасанова М.Б.

Байланыс телефоны: 87026652477

Педагогтерді байқауға белсенді қатысуға және өздерінің авторлық әдістемелік әзірлемелерін ұсынуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1302403?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version