Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Қызылорда облысы Полиция департаментінде №212 орта мектептің 9–10 сынып оқушыларына арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру және құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында оқушылар Жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, заманауи бейнебақылау жүйелері арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жедел ден қою бағытындағы жұмыстарды көрді.
Сонымен қатар оқушылар Полиция департаментінің музейін аралап, ішкі істер органдарының тарихы мен қызметтік дәстүрлері туралы мағлұмат алды.
Ашық есік күні аясында арнайы жасақ қызметкерлері жасөспірімдерге өздерінің қызметтік міндеттері туралы айтып, арнайы құрал-жабдықтары мен қызметтік автокөліктерін таныстырды. Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Іс-шара соңында жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, есірткіден аулақ болу, интернеттегі қауіптерден сақтану және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде профилактикалық кеңестер берілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің полиция қызметі туралы түсінігін кеңейтіп, полиция мен өскелең ұрпақ арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1302423?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version