Шу қаласындағы теміржол вокзалының ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің, №5 және №19 өрт сөндіру бөлімдерінің, сондай-ақ Жамбыл станциясы НЖС-8 өрт сөндіру пойызының қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты – өрт кезінде жедел әрекет ету, адамдарды эвакуациялау, өртті оқшаулау және сөндіру бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт орнына жедел жету, жауынгерлік қанаттарды ұйымдастыру, өртті оқшаулау және сөндіру, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен құралдарын тиімді пайдалану бойынша тапсырмалар орындалды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау