Шығысқазақстандық байдаркашы Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29–30 қыркүйек аралығында Айти-Нагоя қаласында (Жапония) XX жазғы Азия ойындары аясында ерлер арасында байдаркамен жекелей есуден іріктеу және финалдық бәсекелер өтті.

Азия құрлығының басты додасында Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Риддер қаласының облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ 2-курс студенті Александр Коробов жоғары шеберлік пен ерік-жігер танытып, қола медаль иеленді.

Отандық спортшының жүлдеге апарар жолы оңай болған жоқ:

  • Іріктеу кезеңі — 12-орын

  • Жартылай финал — 6-орын

  • Финал — 3-орын 🥉

Жарысты күрделі бастағанына қарамастан, Александр әр кезең сайын нәтижесін жақсартып, шешуші мәреде бар күш-жігерін жинақтай білді. Нәтижесінде ол Азияның ең үздік спортшыларымен тартысты бәсекеде 3-орынға табан тіреді.

Александр Коробовты, оның жаттықтырушылар штабын және ШҚО спорт қауымдастығын осы халықаралық жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшымызға алдағы жарыстарда жаңа белестер мен биік асуларды бағындыруды тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1301774?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version