Шығысқазақстандық үстел теннисі шеберлері Қазақстан чемпионатында топ жарды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21–27 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласының «Saryarka» үстел теннисі орталығында 2009 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Алшысынан түскен ақшаңқан бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы жоғары шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігер танытып, ел біріншілігін мерейі үстем аяқтады.

ШҚО спортшыларының жарыс нәтижесі:

Ұлдар командасы — 🥇 1-орын (Алтын медаль):

  • Әліби Шоманов

  • Нұрдәулет Азаматұлы

  • Қуаныш Ақылбеков

  • Никита Смирнов

  • Абылайхан Ермаханұлы

Қыздар командасы — 🥉 3-орын (Қола медаль):

  • Нұрсая Нұрман

  • Аққу Темірханова

  • Еркежан Бәйтикенова

  • Аружан Альтаева

Жекелей және жұптық сын нәтижелері:

  • 🥇 Аралас жұп (Микст): Әліби Шоманов — 1-орын (Алтын медаль);

  • 🥇 🥉 Ерлер жұбы: Әліби Шоманов — 1-орын (Алтын медаль), Нұрдәулет Азаматұлы — 3-орын (Қола медаль);

  • 🥈 Әйелдер жұбы: Нұрсая Нұрман — 2-орын (Күміс медаль).

Жас теннисшілерімізді, олардың бапкерлерін және барша ШҚО спорт қауымдастығын осы жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы халықаралық әрі республикалық бәсекелерде жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1301784?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version