«Сынып жетекші – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» атты семинар-практикум өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

25 қыркүйек күні Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сынып жетекші – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Оған ауданның білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысының тиімді әдістерін жетілдіру, «Адал азамат», «Заң және тәртіп» тұжырымдамалары мен «ДосболLIKE» бағдарламасын мектеп тәжірибесінде сапалы іске асыру және сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Шара барысында Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Сауле Альдикенова мектеп тәрбиесінің басым бағыттары бойынша әдістемелік практикум өткізді. Ақсай қаласының №4 мектебінің мұғалімі Айгерим Темирбаева «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісті. №1 мектептің ДТІЖО Айсулу Жанбулатова мен сынып жетекшісі Ақжібек Ералиева сынып жетекші жұмысының тиімді алгоритмін таныстырды.

№5 мектептің ДТІЖО Гүлнафис Алиаскар пен сынып жетекшісі Айнагуль Дарисова тәрбие жұмысын жоспарлау, мониторинг жүргізу және қауіпсіз орта қалыптастыру құралдарын көрсетті. Жарсуат мектебінің ДТІЖО Адема Тлеуова мен сынып жетекшісі Галина Бикеева «Адал азамат» және «Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау тетіктеріне тоқталды. №7 мектептің сынып жетекшісі Райхан Наурызбай экологиялық тәрбие бағытындағы жұмыстарын ұсынса, №3 мектептің ДТІЖО Айдана Куньязова «ДосболLIKE» бағдарламасын тиімді қолдану жолдарын таныстырды.

Қанай МББК сынып жетекшісі Шахноза Кугубаева «Вторая жизнь отходов» тақырыбында экологиялық тәрбиеге бағытталған практикалық шеберлік сыныбын өткізді. Сондай-ақ мектеп формасы туралы мәселе, білім алушылар арасындағы буллинг, зорлық-зомбылық және суицидтік ниеттердің алдын алу мәселелері қарастырылды. Mental Health ҰБДҚ платформасына мәліметтер енгізу бойынша практикум ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1302368?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version