Ұландықтар Талдықорғанда күдікті заты бар ер адамды ұстады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері азаматтардың бірінен есірткіге ұқсас затты анықтады.

Әскери жасақ құрамындағы жауынгерлер қатардағы Айдос Оразбаев, Қанат Балабек және Нұржолат Құрманали Орталық саябақтың жанында орындықта спирттік ішімдік ішкен екі азаматты байқайды.

Әңгімелесу барысында әскери қызметшілер олардың біреуінен күдікті иіс шыққанын сезеді. Жеке заттарын тексеру кезінде оның қалтасынан жасыл түсті ұнтақ заты бар байлам табылды.

Ұландықтар әскери жасақ кезекшісіне болған оқиға туралы дереу баяндайды. Оқиға орнына көп ұзамай ішкі істер органдарының қызметкерлері жеткен.

Ұсталған азаматтар жағдайдың мән-жайын одан әрі зерделеу үшін полиция қызметкерлеріне табысталып, тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Оның нақты құрамы зерттеу нәтижелерінен соң анықталады.

Осы факті бойынша тиісті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауды жалғастыруда.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1302437?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version