«Ұлытау мейірімі» фестивалінің екінші күні шығармашылыққа арналды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Ұлытау мейірімі» фестивалінің екінші күні шығармашылыққа арналды

Жезқазған қаласында «Ұлытау мейірімі» облыстық инклюзивті фестивалінің екінші күні өтті. Фестивальдің екінші күні шығармашылыққа, шабытқа және қатысушылардың өнері мен жеке қабілеттерін көрсетуге арналды.
Іс-шараға Ұлытау облысының қалалары мен аудандарынан келген ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жастар қатысты.
Шара барысында қатысушыларға музыкалық қойылымдар, сән көрсетілімі және түрлі шығармашылық шеберлік сабақтары ұсынылды. Сонымен қатар балалар мен жастардың қолынан шыққан шығармашылық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды.
Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін таныстырды. Шеберлік сабақтары барысында жаңа дағдыларды меңгеріп, өзара тәжірибе алмасты. Еркін қарым-қатынас пен шығармашылық бастамаларға қолдау көрсетіліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Екі күнге созылған фестиваль соңында белсенді қатысушылар салтанатты түрде марапатталды.
«Ұлытау мейірімі» фестивалі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жастардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін ашуға, өз мүмкіндіктерін көрсетуіне және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасайтын маңызды әлеуметтік бастама ретінде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1301857?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version