«Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ интернет- ресурстар мен мерзіміді баспасөз басылымдары (газеттер) және телеарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер мына мекенжайға жіберіледі: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, 314-кабинет. «Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі өтінімдерді 2026 жылғы 14 қазанда сағат 17.00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2026 жылғы 14 қазанда сағат 17.30-да мына мекенжай бойынша ашылады: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, 314-кабинет.
Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конверт ашылмайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.
|
|
Өңірлік деңгейде мемлекеттік |
|
|
Нысан |
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінім
1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) \тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (жеке тұлғалар үшін): ______________________;
2. Орналасқан жері: ________________________________________;
3. Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________;
4. Бұқаралық ақпарат құралының атауы (мерзімді баспа басылымдары, теле-,радиоарналар, интернет-басылымдар): ____________________________________.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (мерзімді баспа басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-басылымдар үшін): ______________________________________________________________________.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (егер қатысушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда).
7. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінім берілген тақырыптық бағыттың атауы ______________________________________________________________________.
8. Электрондық мекенжайы ____________________________________________.
___________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
мөрдің орны (бар болған кезде)
20__ жылғы «__» ____________
|
|
Өңірлік деңгейде мемлекеттік |
Өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі
1. Телеарналар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының және/немесе телерадио хабарларын тарататын операторлардың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы телеарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудиовизуалды өнім жөнінде портфолио;
3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын өз өндірісіндегі контенттің апта сайынғы (соңғы екі тоқсандағы) хабар тарату көлемі туралы (пайыздық қатынасы және өз өнімінің тізбесі бар) растау хаты;
5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-басылымның болуын не болмауын растайтын құжат;
6) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын күн сайынғы өңірлік контенттің (соңғы айдағы) көлемі туралы растайтын хат (пайыздық арақатынасы және өнім тізбесі бар), өңірлік контент өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету болып табылады;
8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтиды. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қатысушы дербес айқындайды.
Жаңалық сюжеттері бойынша шығармашылық ұсынысқа тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасы, өндіріс тілі, тұтыну аудиториясы, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуы және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасы, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
2. Радиоарналар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы радиоарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;
2) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторымен шарт болмаған кезде, үміткердің берілген жиіліктерді пайдалану туралы растайтын құжаты үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;
3) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-басылымның болуын не болмауын растайтын құжат;
4) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
5) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудио өнім жөнінде портфолио;
6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтилы. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қатысушы дербес айқындайды.
Жаңалық сюжеттері бойынша шығармашылық ұсынысқа тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасын, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
3. Мерзімді баспа басылымдары үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) газеттер үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы айда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама, журналдар үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы тоқсанда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын соңғы айдағы мерзімді баспа басылымын шығарудың мерзімділігі туралы анықтама;
3) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама;
4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын мерзімді баспа басылымының интернет-басылымы болуын немесе болмауын растайтын құжат;
5) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, журналдың әлеуметтік желілерде аккаунттарының болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын өңірлік контенттің шығарылатын газет өнімінің көлемі туралы растау хаты (пайыздық арақатынаста алғанда және газет нөмірлерінің әрбір шығарылымының даналары бар), өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету өңірлік контент болып табылады;
8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын, оның ішінде ақпаратты берудің, ресімдеудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
4. Интернет-басылымдар үшін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) арнайы веб-ресурстан соңғы айдағы бірегей пайдаланушылардың саны туралы растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
2) арнайы веб-ресурстан интернет-басылымның мобильді қосымшасының болуын немесе болмауын растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
4) шығарылған бейне өнімді ауыспалы тасығышта (флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер) қоса бере отырып, оны өзінің интернет-басылмында орналастырылғаны туралы сілтеме көрсетілген соңғы жыл ішінде шығарылған бейне өнімнің болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;
5) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес , жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын, оның ішінде ақпаратты берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуін және мазмұнын үміткер дербес айқындайды.
Ұлытау облысының 2026 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатының тақырыптық бағыттарының тізбесі
(Ішкі саясат басқармасы)
|
№ |
Ұлытау облысындағы 2026 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағытының атауы
|
Өлшем бірлік |
Көлемі |
|
|
Интернет-ресурстар |
||
|
1. |
Мемлекет басшысының қызметін (оның ішінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, бастамаларын, мақалалары мен сұхбаттарын), Вице-президенттің, Құрылтайдың, Қауіпсіздің Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (мемлекеттік және орыс тілінде) |
символ |
15385 |
|
2. |
Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» (жауапты азамат) тұжырымдамасын, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын, Құрылтай реформаларын, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін, сондай-ақ Президенттің, Вице-президенттің, Қауіпсіздің Кеңесі Төрағасының орынбасарының жылдың ұлттық басым бағыттарын жыл сайын айқындауға бағытталған бастамаларын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (мемлекеттік және орыс тілінде) |
символ |
47619 |
|
3. |
Заңның үстемдігі мен әділеттілікті, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясатын, «Заң және тәртіп» топтастырылған нарративті, «Қауіпсіз қоғам» жобасын, құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру, қоғамды кез келген заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы қалыптастыруды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (мемлекеттік және орыс тілінде) |
символ |
44192 |
|
4. |
Дене шынықтыру және спорт, оның ішінде ұлттық спортты, өнер, мәдениет саласындағы қызметті, ішкі туризмді, тарихи мұра объектілерін, креативті индустрияны дамытуды ақпараттық ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (мемлекеттік және орыс тілінде) |
символ |
44192 |
|
5. |
Өңірлерді дамыту мәселелерін, өңірлердің әртүрлі салалардағы қызметін, өңірлерде іске асырылатын жобаларды, инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту (ЭКСЖ) туралы ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (мемлекеттік және орыс тілінде) |
символ |
44192 |
|
6. |
жұмыспен қамтуды, көші-қонды, еңбек қауіпсіздігін, әлеуметтік қамтамасыз етуді, еңбексүйгіштікке баулуды, «2029 жылға дейінгі халықтың кірісін арттыру бағдарламасының» іске асырылуын, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін, әр түрлі салалар бойынша кадрларды даярлаудың жаңа моделін ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру |
символ |
44192 |
|
|
Мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер) |
||
|
7. |
Мемлекет басшысының қызметін (оның ішінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, бастамаларын, мақалалары мен сұхбаттарын), Вице-президенттің, Құрылтайдың, Қауіпсіздің Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (Мемлекеттік тілде) |
ш.см |
3099 |
|
|
Телеарналар |
||
|
8. |
Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» (жауапты азамат) тұжырымдамасын, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын, Құрылтай реформаларын, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін, сондай-ақ Президенттің, Вице-президенттің, Қауіпсіздің Кеңесі Төрағасының орынбасарының жылдың ұлттық басым бағыттарын жыл сайын айқындауға бағытталған бастамаларын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (мемлекеттік және орыс тілінде) |
минут |
476 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/1301720?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау