Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті триумфқа қол жеткізді. Ерлер арасындағы шпагамен семсерлесудің командалық сайысында отандық спортшылар жоғары шеберлік пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетіп, турнирдің алтын медалін еншіледі.
Ел намысын абыроймен қорғаған чемпиондар құрамында:
-
Руслан Курбанов — Шығыс Қазақстан облысының өкілі;
-
Вадим Шарлаимов — Шығыс Қазақстан облысының өкілі;
-
Кирилл Проходов — Шығыс Қазақстан облысының өкілі;
-
Ерлік Сертай — Ақтөбе облысының өкілі.
Айта кету керек, отандық семсерлесушілер бұл тарихи жеңіске Азия ойындарында соңғы 24 жыл ішінде алғаш рет қол жеткізді.
Ұлттық құрама спортшыларын, жаттықтырушылар штабын және барша жанкүйерлерді осы жарқын жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Азия құрлығының басты додасында бағындырған бұл белес — Шығыс Қазақстан өңірі мен отандық спорт мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Чемпиондарымызға алдағы халықаралық жарыстарда жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1301770?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау