Джакарта, 2026 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов President University студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында «Өзгеретін әлемдегі Қазақстан: ішкі реформалар, сыртқы саясат және Индонезиямен қатынастар» тақырыбында дәріс оқыды.
Дипломат Қазақстандағы қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, 2026 жылы қабылданған Конституция аясында жаңа мемлекеттік архитектураның қалыптасуы туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер және Индонезиямен екіжақты ынтымақтастық бойынша еліміздің ұстанымдарын жеткізді. Екі ел арасындағы академиялық және туристік алмасудың айтарлықтай өскені атап өтілді.
Кездесу аясында Қазақстанның әсем туристік орындары туралы фильм көрсетіліп, сұрақ-жауап сессиясы өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1301902?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау