Жерлестерге жанашырлық – ізгі дәстүр

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әрбір игі іс — елге деген қамқорлықтың көрінісі,Адамға ерекше көңіл бөліп, қамқорлық пен мейірімділік танытудың маңызы зор осындай күндері жергілікті кәсіпкер, «МайАгро» ЖШС директоры Дулат Бекетов Майтүбек және Қаратерек ауылдарының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетті.,Қарттар күні мерекесіне және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында қарт азаматтар мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілді.,Қамқорлық белгісі ретінде көмек алушылардың әрқайсысына екі қаптан картоп табысталды. Қарапайым болғанымен, күнделікті тұрмысқа қажетті мұндай көмек отбасылар үшін аса маңызды әрі елеулі қолдау болып табылады.,Жергілікті аграрий осы ауылдардың тұрғындарына алғаш рет көмек көрсетіп отырған жоқ. Ол аталған ауылдарда картоп өсірумен айналыса отырып, жерлестеріне тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.,Сонымен қатар, осы ерекше күні кәсіпкер тың игеру ардагері, тыл еңбеккері, ауылдың қадірлі тұрғыны, орден иегері, туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан азамат Владимир Вершининді де назардан тыс қалдырмады.,Владимир Кириллович Вершинин — көптеген ордендер мен медальдардың иегері, еңбек адамы әрі өскелең ұрпаққа лайықты үлгі боларлық азамат. Ардагерге көп жылғы еңбегі, өмір жолы және ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.,Мұндай кездесулер — аға буынға көрсетілген құрметтің белгісі, тарихи жадыны сақтау және өз еңбегімен туған өлкенің дамуына үлес қосқан адамдарға шынайы қамқорлық танытудың көрінісі., ,Осындай ізгі істер адам жүрегіне жылу сыйлап, үміт ұялатады және қиын сәтте қолдау көрсетуге дайын, жанашыр жандардың жанымызда екенін еске салады.,Дулат Бекетовке елге деген жанашырлығы, жомарттығы және жерлестеріне қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдырғаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!,Ізгі істеріңіз көпке үлгі болып, қайырымдылық пен қамқорлық дәстүрі жалғасын таба берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1302355?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version