Жұмысқа орналасуға көмектесу тәртібі өзгереді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

1 қазаннан бастап лайықты жұмыс іздеу және жұмыссыз мәртебесін беру кезеңі екі күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Осы уақыт ішінде Мансап орталығының мамандары азаматтың еңбек өтілі, білімі және дағдыларын мұқият зерделеп, оған сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсына алады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады.

Егер лайықты жұмыс 13 күнге жетпей табылса, белгіленген мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ.

Бос жұмыс орындарын қатар, азаматқа кәсіптік оқуға қатысу, субсидияланатын жұмыс орнына орналасу және жұмыспен қамту саласындағы басқа да қолдау шаралары қарастырылуы мүмкін.

Алғашқы қадам – жұмыс іздеуші ретінде тіркелу. Ол үшін Мансап орталығына жүгінуге, eGov порталы немесе Электрондық еңбек биржасы – Enbek.kz сайты арқылы тіркелуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1302338?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version