1 қазан – Қарттар күні, мейірім мен ізгілік мерекесі

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

1 қазан – Қарттар күні, мейірім мен ізгілік мерекесі 

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, бір қауымға бас-көз бола білген қарияларымыздың орны ерекше. Қарттар күні – еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен аға-апаларымыздың төл мерекесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аға буын мен қарттарға ерекше құрмет көрсетуді жалпыұлттық құндылықтардың бірі ретінде әрдайым атап өтеді. Қариясы бар ел – қазыналы ел. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар­ дана болу. Қарттарымыз – әр шаңырақтың тірегі, қиын-қыстау заманда ел үшін аянбай еңбек етті.

Ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі, ерен еңбектері ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Қарт кісіні құт-береке деп тану, ол – ұрпақтың көрегендігі. Қарияларымыз әрқашанда құрметке лайық, әрбірінің еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан еңбектері зор, өмірлері шуақты болып, күш-қуаттары сарқылмасын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1303116?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version