Аға буынға құрмет пен қамқорлық

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Халықаралық қарттар күні аясында Қостанай облысы төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қостанай қаласы ТЖ басқармасының №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аға буынды қолдауға бағытталған іс-шара өткізді.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысына қатысушының жесірі Орынтай Каримқызы Абултаеваға естелік сыйлықтар табысталып, қажетті көмек көрсетілді.

Мұндай кездесулер – игі дәстүрдің жалғасы әрі аға буын өкілдерінің өмір жолына, көпжылдық еңбегі мен баға жетпес тәжірибесіне деген шынайы құрметтің көрінісі.

Ардагерлерге қамқорлық көрсету, оларға көңіл бөлу және ұрпақтар сабақтастығын сақтау азаматтық қорғау органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1303150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version