Қарттар күніне орай Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері мен басшылығы 25-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бас қосып, тағылымды шара өткізді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдай отырып, шараға қатысушылар бөлім аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Шара барысында ардагерлерге 25-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тыныс-тіршілігі таныстырылды. Құрметті қонақтар бөлімді аралап, өрт сөндіру техникасы мен арнайы жабдықтардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар қазіргі таңда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында Департамент басшылығы ардагерлерге ризашылығын білдіріп, олардың азаматтық қорғау саласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Ардагерлер – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында талай жыл қажырлы еңбек еткен, мол тәжірибесі мен өнегесі кейінгі буынға жол көрсететін қадірлі жандар. Олардың өмірлік тәжірибесі мен кәсіби мектебі – бүгінгі қызметкерлер үшін баға жетпес мұра.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1303113?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау