Бесқарағай ауданында «Шығармашылық үйі» ашылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жаңа шығармашылық кеңістіктің ашылу рәсіміне Абай облысы әкімінің орынбасары Раханов Мейірлан Ақылбекұлы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шынғысбаева, Қазақстан халық кеңесінің мүшелері Нұртай Сабильянов, Думан Орынбеков пен Мерей Қарт және қоғам белсенділері қатысты.

Салтанатты шара барысында құттықтау сөздер айтылып, жаңа нысанның ашылуына арналған лента қию рәсімі өтті. Қонақтар Шығармашылық үйінің заманауи мүмкіндіктерімен танысты. Ғимаратта балалардың шығармашылық, техникалық және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі кабинеттер мен арнайы жабдықталған кеңістіктер қарастырылған. Атап айтқанда, «Art-Studio», «Қыш шеберханасы», «Тігін», «MediaStudio», «RoboticsLab», «Робототехника», «FabLab кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар спорт залында асық ойыны мен садақ ату бағыттары бойынша үйірмелер ұйымдастырылған.

Бүгінде Шығармашылық үйінде 400 бала қосымша біліммен қамтылған. Алдағы уақытта тәрбиеленушілер санын 1000 балаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Жаңа нысан ауыл балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық және техникалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Бұған қоса жастарды бір арнада тоғыстыратын алаңға айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1302598?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version