Құрметті санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ардагерлері және аға буын өкілдері!
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды! Халық денсаулығын қорғауға арнаған адал еңбектеріңіз бен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Сіздердің кәсіби жолдарыңыз, мол тәжірибелеріңіз бен өнегелі өмірлеріңіз — жас ұрпаққа үлгі. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларыңызға амандық тілейміз. Әр күндеріңіз жақындарыңыздың мейірімі мен қамқорлығына, қуаныш пен жылылыққа толы болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1303024?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау