№24 балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде және Азаматтық қорғау музейінде танымдық экскурсияда болды.
Кішкентай қонақтарға өрт сөндірушілер арнайы экскурсия өткізіп, өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтарын көрсетті. Балалар құтқарушылардың маңызды әрі жауапты мамандығы туралы қызықты мәліметтер алды. Музейде бүлдіршіндер азаматтық қорғау қызметінің тарихымен танысып, өрт сөндірушілердің еңбегіне қатысты жәдігерлерді тамашалады.
Балалар үшін әсіресе нағыз өрт сөндіру техникасын жақыннан көру ерекше әсер қалдырды.
Осындай кездесулер балаларға қауіпсіздік ережелерін қызықты түрде үйретіп, кішкентай кезден бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегіне құрмет қалыптастыруға ықпал етеді.
Маңғыстау облысының ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1302729?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау