Астанада «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» республикалық семинары жалғасуда. Семинардың екінші күнінде жолдарды пайдалану және күтіп-ұстау, сапаны бақылау, жол қауіпсіздігі және саланы цифрландыру мәселелері қаралды.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде әкімдіктердің бейінді басқармаларының басшылары, сондай-ақ мердігерлік және жобалау ұйымдарының өкілдері қатысуда. Негізгі назар жергілікті жол желісін жоспарлау, жөндеу және кейінгі күтіп-ұстау мәселелеріне аударылды.
Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин жергілікті жолдардың сапасын арттыру үшін өңірлерде басым учаскелерді анықтаудан бастап жобаларды әзірлеу, жұмыстардың сапасын бақылау және жолдарды одан әрі күтіп-ұстауға дейінгі барлық кезеңдер бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.
«Жөндеуді қажет ететін жолдарды анықтау ғана емес, бүкіл процесті дұрыс ұйымдастыру маңызды. Жоспарлаудың, жобаларды әзірлеудің және сапаны бақылаудың деңгейі түпкілікті нәтижеге тікелей әсер етеді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар, жобалау және мердігерлік ұйымдар арасында үйлесімді жұмыс болуы қажет», — деді Төлеген Абдуллин.
Семинардың екінші күні «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық жол желісін пайдалану және күтіп-ұстау тәжірибесін таныстырды. Ұлттық жол активтері сапасы орталығы жол жұмыстарының сапасын бақылау тәсілдері туралы ақпарат берді. Өңірлер мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері жергілікті жол желісіндегі жобаларды іске асырудың практикалық мәселелерін талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша алдағы үш жылға жол жұмыстарының сапасын одан әрі арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу көзделіп отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1303135?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау