МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ – 1 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мәселелері бойынша брифинг өтті.

Брифингте Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Альсеитов А. спикер ретінде сөз сөйледі.

Брифинг барысында 2025 жылға есептелген жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 қазанда аяқталатыны атап өтілді.

Ұлытау облысы бойынша мүлік салығы 54 мыңнан астам салық төлеушіге есептелген. Есептелген салықтың жалпы сомасы шамамен 39 млн теңгені құрайды.

Спикер мүлік салығын есептеу және төлеу тәртібін, заңнамада көзделген жеңілдіктерді, сондай-ақ есептелген салық сомасын тексеру тәсілдерін түсіндірді. Салықты e-Salyq Azamat, eGov, Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеріп, төлеуге болады.

Сонымен қатар салықты белгіленген мерзімде төлеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. 2 қазаннан бастап төленбеген салық сомасы болған жағдайда салық берешегі қалыптасып, мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1302689?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version