Құрметті аға буын өкілдері!
Ардақты ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деп бекер айтпаған. Үлкенге құрмет көрсету – ұлтымыздың асыл дәстүрі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тағылымды құндылық.
Сіздердің өмір жолдарыңыз – кейінгі буын үшін өнеге, ақыл-кеңестеріңіз – бағыт-бағдар, ал ел игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз – ортақ тарихымыздың айрықша бөлігі. Бүгінгі жетістіктерімізде сіздердің маңдай терлеріңіз бен табанды еңбектеріңіздің үлкен үлесі бар.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығын және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әр күніңіз жақындарыңыздың ықыласына, құрметіне және мейіріміне бөленсін. Шаңырақтарыңыздан береке, жүректеріңізден жылу кетпесін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1302541?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау