Облыстың ауыл шаруашылығы жерлері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы
Облыста тұрақты негізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2022 жылдан бастап мемлекет меншігіне қайтарылған 1 млн 182 мың га пайдаланылмайтын жер – 155 мың га егістік, 1 млн 17,4 мың га жайылым, басқалары – 9,6 мың га қайта бөлінді.
Оның ішінде жер пайдаланушыларға конкурстық негізде 883,7 мың га, оның ішінде егістік – 155 мың га, жайылым – 719,1 мың га, басқалары – 9,6 мың га бекітілді.
Сондай-ақ, алынған жерлерден ауылдар мен ауылдық округтер әкімдіктерінің қарауына жеке қосалқы шаруашылықтағы қажеттіліктері үшін 298,3 мың га жайылым берілді. Оның ішінде 21,2 мың га жайылым елді мекендердің шекарасын кеңейту жолымен бекітілді, 74,1 мың га тұрақты жер пайдалануға берілді және 203 мың га мал жаю үшін халықтың мұқтаждығына резервте қалды.
Жалпы, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ауылдық округтер әкімдерінің қарауына жеке қосалқы шаруашылықтағы малдарды жаю үшін 1 млн 025,7 мың га жайылымдық алқап берілді. Оның ішінде 215,8 мың га ағымдағы жылы берілді.
Босатылған жерлерді қайта бөлу кезінде бірінші кезекте ауыл халқының қажеттілігі ескеріледі. Елді мекендерге жақын орналасқан жайылымдық жерлер үй шаруашылықтарының малдарын жаю үшін ауылдық округтер мен ауылдар әкімдіктерінің қарамағына беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auyal-zharuazhalyk-zher/press/news/details/1303011?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау