1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының атынан қаладағы қарияларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
Ақсақалдардың шаңырағына арнайы барған өкілдер аға буынға ізгі тілектерін жеткізіп, олардың ел дамуына қосқан үлесі мен кейінгі ұрпаққа берер өнегесін атап өтті.
Өз кезегінде қариялар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1303271?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау