Қарақия ауданы Полиция бөлімінің Жетібай кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ауыл ақсақалдарымен бірлескен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, елді мекендегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстарға тоқталды.
Кездесуде ауыл ақсақалдарының қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы рөліне ерекше мән берілді. Аға буын өкілдері жастарға бағыт-бағдар беріп, құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңға құрмет қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Осы ретте полиция мен ауыл ақсақалдарының өзара ынтымақтастығын күшейтіп, тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қарақия ауданы аумағында заңдылық пен тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты одан әрі күшейту жөнінде келісім жасалды.
Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1302847?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау