ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Қарттар күніне орай Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандары облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұратын қарттарға арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында Гүлнар Абсалимова, Сейлхан Батырбеков, Якуда Нарзулдаев, Қалкүл Тоқбаева, Хасият Турсунова және Әуелбекова Алтын апаға қала әкімінің атынан сыйлықтар табысталды.
Мамандар қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілеп, аға буынға құрмет көрсету – қоғамның маңызды құндылықтарының бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде қариялар көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1303268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version