ҚАЗЫБЕК БИДЕ ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ АУЫЛДАҒЫ АХУАЛ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
ҚАЗЫБЕК БИДЕ ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ АУЫЛДАҒЫ АХУАЛ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
Қазыбек би ауылдық округінде тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың ауыл халқымен жүздесуінде елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын жақсарту, құрылыс саласындағы тәртіпті реттеу және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру бағыттары сөз болды.
 
Ауылдың инженерлік желілерін жетілдірудің маңызына ерекше назар аударылып, тұрғындар үшін күнделікті өмірге қажетті инфрақұрылымның сапасы елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі екені атап өтілді. Осыған байланысты тиісті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қажеттігі қарастырылды.
 
Сонымен қатар, кездесуде егістік алқаптардың мелиоративтік ахуалын жақсарту, жердің өнімділігін сақтап, ауыл шаруашылығы жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін суару жүйелеріне, жердің жағдайына қатысты мәселелерді назардан тыс қалдырмау қажеттігі көтерілді.
 
Одан бөлек, ретсіз және заң талаптарын сақтамай жүргізілетін құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейту, талаптарға сәйкестендіру мәселедері қозғалды.
 
«Ауылдағы еңбекке қабілетті азаматтарға тұрақты табыс көзін қалыптастыру үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңызы зор. Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік бастамаларға жол ашу арқылы біз жергілікті халық үшін тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге басымдық беріп келесіз» деді аудан басшысы.
 
Айта кеткйік, аталмыш кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен депутаттар, аудандық бөлімдер мен тиісті мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Ашық пікір алмасу барысында көтерілген ұсыныстар мен өтініштер назарға алынып, олардың әрқайсысы бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.
 
Кездесу соңында аудан әкімі округ тұрғындарына қабылдау өткізді.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1302482?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version