Салықтық зерттеп-қарау – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын іс-шара.
Салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.
Салықтық зерттеп-қарауды жүргізуге қатысу үшін куәгерлер тартылады.
Салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша болмау фактісі анықталған кезде салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады.
Салықтық зерттеп-қарау актісіне оны жасаған салық органының лауазымды адамы, сондай-ақ куәгерлер қол қояды.
Әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейнежазбалар немесе басқа да материалдар актіге қоса тігілуі мүмкін.
Салықтық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі салық төлеушіге (салық агентіне) оның сұрау салуы бойынша веб-қосымша арқылы ұсынылады.
Слық органы салықтық зерттеп-қарау актісі жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірмей:
уәкілетті органның интернет-ресурсында салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын және әкесінің атын немесе атауын, салықтық зерттеп-қарауды жүргізу күнін көрсете отырып орналастырады;
салық төлеушінің тұрған жерін (болмауын) растау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
Салық төлеуші (салық агенті) хабарламаны салық органына өзі келу тәртібімен:
салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы түсінікті;
жылжымайтын мүлікке құқықтылығына қарай салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерін растайтын құжатты:
жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын (кемінде бір жыл мерзімге) құжаттың көшірмесін;
пайдалану құқығын растайтын (бір жылдан аз мерзімге) құжаттың көшірмесін, ұсынғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын салыстырып тексеру үшін көрсетілген құжаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып;
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1302497?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау