Шығыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және бірнеше интернет-алаяқтық жасады деп айыпталған Ақтөбе облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеумен анықталғаны, сотталушы «TikTok» әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлерді қарап отырып, онлайн ойындар ойнаған, сондай-ақ «Instagram» әлеуметтік желісінде аккаунттарды бағалаумен айналысқан тұлғалардың абоненттік нөмірлерін көріп, анықтаған.
Одан кейін аталған нөмірлерді «WhatsApp» мессенджерінде тіркеген. Бұл ретте аккаунтқа кіру үшін қажетті код нөмір иесінің телефонына келген, ал сотталушы оны тікелей эфирлер арқылы көріп, өз телефонына енгізген. Осылайша, ол бөгде тұлғалардың аккаунттарына заңсыз қол жеткізген.
Бұдан кейін аккаунт иесінің атынан оның таныстарына ақша қарызға беру туралы өтініш жасап, оларды алдау арқылы өз шоттарына ақша аудартқан.
Осылайша, сотталушы бөгде тұлғалардың аккаунттарына заңсыз қол жеткізу және алдау жолымен бірнеше рет бөтеннің ақшалай қаражатын иемденген.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінің тұрғындары зардап шекті.
Сотталушы ұрланған қаражатты жеке басының қажеттіліктеріне, соның ішінде бәс тігуге және құмар ойындарға қатысуға жұмсаған.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа 19 азаматтың жеке аккаунттарына заңсыз қол жеткізу арқылы жасалған алаяқтықтың 37 эпизоды бойынша нақты және негізді дәлелдер ұсынды.
Сотпен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары, 205-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1303067?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау