✔️Тайынша ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Баспаналар әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға да, коммерциялық негізде сату үшін де салынуда. Жаңа абаттандырылған тұрғын аудандар қалыптасып, халықтың жайлы өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасалуда.
✔️ Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасуда. Келлеровка ауылында жастарға арналған заманауи футбол алаңы ашылды. Жалпы, биыл аудан аумағында осындай 12 спорт алаңы абаттандырылды. Теңдік ауылында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Мәдениет үйі пайдалануға берілді.
✔️Тайынша қаласында аудандық полиция бөлімі ғимаратының реконструкциясы аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Ауданның полиция бөлімшелері автокөлікпен толық қамтамасыз етілген.
✔️Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша қаласындағы IT-орталықтың жұмысымен де танысты. Бүгінде орталықтың қызмет аясы кеңейіп келеді. Цифрлық дағдыларды үйретумен қатар, мұнда инвестиция тартуға және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған жаңа алаң қалыптасуда. IT-орталықта өңір басшысы Қытай компанияларының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар облыста терең өңдеу зауытын салуды және цифрлық коммерция кеңсесін ашуды жоспарлап отыр. Бұл жобалар биыл өткен Қазақстан-Қытай форумы аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1302555?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау