Теміртауда прокурорларға қаладағы ахуалды тәулік бойы бақылап, заң бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін Қадағалау ден қою орталығы жұмысын бастады. Жаңа бөлімше «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етудің тағы бір практикалық тетігіне айналды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиевпен бірге орталықтың жұмысымен танысып, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін бағалады.
Бірыңғай жүйеге 1575 бейнекамера қосылған. Олар көшелерге, саябақтарға, мектептерге, балабақшаларға, медициналық ұйымдарға және басқа да нысандарға орнатылған. Кезекші прокурорлар қаладағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап отырады. Камера құқық бұзушылықты немесе өзге де проблемалық жағдайды тіркеген сәтте, ақпарат дереу өңделіп, тиісті шаралар қабылданады.
Бұл ретте прокурордың оқиға орнына әрдайым баруы қажет емес – бірқатар мәселені қашықтан шешуге болады. 360 градусқа шолу жасауға мүмкіндік беретін және оптикалық ұлғайту функциясымен жабдықталған камералар қажет болған жағдайда оқиға барысын егжей-тегжейлі бақылауға мүмкіндік береді.
«Бұл жай ғана техникалық тұрғыдан жабдықталған бөлме емес, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттырып, заң бұзушылықтарға жедел ден қоюға бағытталған заманауи практикалық құрал. Орталықта бейнемониторинг, ақпаратты талдау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мүмкіндіктері бір жүйеге тоғыстырылған», – деп атап өтті прокуратурада.
Сонымен қатар уақытша ұстау изоляторларында отырған азаматтардың құқықтарының сақталуы да тұрақты бақылауда болады.
Орталық цифрлық қадағалау жүйесімен ықпалдастырылған. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1303296?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау