Жылысай мәдениет үйінде кино мен мультфильм күні өтті!
Ауылымыздың мәдени өмірін жандандыру және тұрғындарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында Жылысай ауылдық мәдениет үйінде арнайы фильм және мультфильм көрсетілімдері ұйымдастырылды.
🎈 Күндізгі уақытта: Ең кішкентай көрермендеріміз — балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары үшін арнайы мультфильм қойылды. Балалар қызықты кейіпкерлердің бастан кешкен оқиғамаларына куә болып, мәдениет үйінің ішін шат күлкіге толтырды. Балақайларға танымдық әрі қызықты уақыт сыйлау — біз үшін үлкен қуаныш!
🌙 Кешкі уақытта: Ауыл үлкендері мен тұрғындары үшін арнайы кешкі фильм көрсетілімі өтті. Ауылдастарымыз бір мезгіл күнделікті тіршіліктен демалып, рухани азық алып, бір-бірімен дидарласып, әсерлі кеш өткізді.
✨ Өнер мен мәдениетті жанына серік еткен Жылысай жұртшылығына және шараға белсене қатысқан барша көрермендерімізге алғыс білдіреміз!
Алдағы уақытта да осындай қызықты әрі мағыналы іс-шаралар өз жалғасын табады. Мәдениет үйіміздің есігі әрқашан сіздер үшін ашық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1302636?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау